🔰ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫНДА ЖҮЛДЕ АЛҒАН ЖҮЙРІК
Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың қолдауымен өткізілген “Ұлы дала жорығы” атты бәйгесінде “Шрам торы” атты сәйгүлігімен Үшкемпіров Байбұлан Ержанұлы III орын иегері атанды. Дүбірлі додада еліміздің 19 аймағынан сәйгүліктерін қосқан бәйгеде 3 орын иегері Үшкемпіров Байбұланды ауылдастары ыстық ықыласпен қарсы алса, Ақбұлым ауылдық округінің әкімі Ердос Бейсеновпен шабандозға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы және ауылдық округ әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Сондай-ақ шабандозға қаржылай сыйлықтар табыс етіліп, шапан кигізіліп, сайгүлігіне жабу жабылды. Ауылдықтардың құрметіне бөленген азамат алғысын айтып, шексіз ризашылығын білдірді.
Ауыл ақсақалдары ауылымыздың белсенді жастары және ауыл тұрғындары Ұлы Жеңіс ескерткіш алаңы алдында құрметпен күтіп алып, ізгі тілегін білдірді