🔰Ақ халатты абзал жандар Жолдауға қолдау білдірді
🔷Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының жанынан құрылған ақпараттық насихаттау тобының мүшелері Ермек Абдиваитов пен Бақытжан Бекболат Мемлекет басшысының «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру, насихаттау және талқылау мақсатында аудандық орталық аурухананың ұжымымен кездесу өткізді.
🔷Кездесуде Ермек Абдиваитов Жолдауда айтылған бес бағдардың негізгі тұстарын атап өтті.
-Жолдауда айтылғандай еліміздің басты құндылығы – адам. Сондықтан Жолдауда ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты екендігі айтылды.
Елімізде денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Деседе саланың жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейтіндігі анық.
Аталған мәселелерді шешу үшін Мемлекет басшысы Үкіметке бір неше тапсырма берді.
Атап айтқанда ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарау, емдеу мекемесі жоқ 650 елді мекенге медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салу, қажетті құрал-жабдықпен толық қамту сынды мәселелерді тапсырды. Осылайша, мемлекет 2025 жылға дейін бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды, — деді.
🔷Өз кезегінде сөз алған Бақытжан Бекболат Жолдауға қатысты өз ойын ортаға салып, Жолдауда айтылған мәселелерге орай ой-пікірлерімен бөлісті.
-Президентіміз ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқан шағында халыққа өз Жолдауын жасады. Аталған Жолдауда еліміздің әрі қарай дамуы үшін бірқатар маңызды бағыттар айқындалып, нақты тапсырмалар берілді. Халық үніне құлақ асатын мемлекет екендігін тағы да дәлелдеп, тұрғындар көтерген әлеуметтік-маңызды салаларға да тың серпін беретін жобаларды ұсынды. Бес бағдардан тұратын стратегиялық құжат еліміздің аймақтарында қордаланған көкейкесті мәселелерді таяу уақытта шешіп, республика жұртшылығына қолайлы жағдай жасауды мақсат етіп отыр. Еліміздегі салық жүйесін жетілдірумен қатар Ұлттық қордың игілігін көру, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіп, адами капиталдың дамуына, заң үстемдігін орнатудың маңызына назар аударып отыр, — деді.
🔷Кездесу барысында ақ халатты абзал жандар қауымы да Президентіміздің бастамаларын қолдайтындықтарын, реформалардан болған өзгерістерден үлкен үміт күтетіндіктерін жеткізді.