🔰Жолдау спорт мамандары арасында насихатталды
🔷 Б.Момышұлы ауылында орналасқан аудан әкімдігінің спорт және денешынықтыру бөлімінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і директорының орынбасары Алмас Жолдасов пен Партия аудандық филиалының жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының Атқарушы хатшысы Бақытжан Бекболат Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын насихаттау мақсатында спорт мамандарымен кездесу өтті.
🔷 Кездесуде Алмас Жолдасов Жолдауда Мемлекет басшысы айтқан бес бағдардың негізгі тұстарына тоқталып, Жолдаудағы мажоритарлы мемлекет жөнінде айта келе, жаңа мемлекет қалыптастыруда спорт мамандарын аянбай еңбек етуге шақырды. Ол шымырда патриот жастарды тәрбиелеу тікелей спорт мамандарына және ұстаздарға жүктелетін міндет екенін және бар күш-жігерлерін салу керектігін атап өтті.
🔷 Өз кезегінде сөз алған Бақытжан Бекболат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Жолдауында айтылғандай, мемлекет ішінде расымен жаңа өзгерістер мен жаңғырулар болатынына сенім білдіретінін айтты. Одан бөлек, жастарымыздың әл-ауқатын көтеруде мемлекет тарапынан жастарға барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.