Гродековода спорт кешені бой көтеруде

ГРОДЕКОВОДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚАБЫРҒАЛАРЫ КӨТЕРІЛУДЕ

 

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту жөнінде берілген тапсырмасына сәйкес, еліміздің түкпір-түкпірінде спорт кешендері және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, оларды спортқа баулу мақсатында әмбебап кешендер бой көтеруде.

Ауданымыздың өзінде алдағы уақытта 4 кешеннің құрылысын жүргізілуде. Соның бірі — Гродекова ауылында.

Ауылдық округтің әкімі Болат Қожабековтың айтуынша спорт кешенінің орны болып, орталық Ақжол көшесі таңдалған.

– Гродеково орта мектебінің жанынан «Жаңа-кемер құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі спорттық сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс екі жылға жоспарланған, жобалық-сметалық құны – 308 млн 475 мың теңге. Бүгінде табантасы төселіп, іргесі қаланып бітті. Енді қабырғалары көтерілуде. Құрылыс сапасы мен аяқталуы мерзімі бақылауымызда. Спорт кешенін ауылдықтар көптен бері көтеріп келген еді. Бүгінде олардың талап-тілегі ескерілді, – дейді Болат Сатыбалдыұлы.

Ауылдың көрнекі жерінен бой көтере бастаған кешенді ауыл жастары асыға күтуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.