«Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалында –жаңа басшы
«Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директорының бұйрығымен Жамбыл облыстық филиалының директоры болып Ерлан Анабарбекұлы Өтегенов тағайындалды.
Ерлан Анабарбекұлы 1981 жылы туған. Білімі жоғары. 2006 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Су ресурстары және су пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2008 жылдан бері су шаруашылығы саласында еңбек етіп келеді. Еңбек жолын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті «Оңтүстіксушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының топтастырылған су жүйесі бөлімінде жетекші маман болып бастап, мемлекеттік қызметтің түрлі сатысынан өтіп, аталған комитеттің су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану және дамыту басқармасының бас сарапшысы қызметіне дейін жеткен.
«Қазсушар» РМК-ның Бас директоры Алтай Елжасов облыстық филиал директорын ұжымға таныстырып, жұмысына табыс тіледі. Сондай-ақ Алтай Аралбайұлы 2019 жылдан бері облыстық филиалдың директоры қызметін атқарған Қазыбек Қошқарбекұлына жемісті еңбегі үшін алғысын жеткізді.
Филиал ұжымы да Қазыбек Қошқарбекұлына мінсіз жұмысы мен филиалдың дамуына қосқан үлесі үшін алғысы мен ризашылығын білдірді.
Ал 2019 жылдан бүгінге дейін ұжымды абыроймен басқарып, жемісті жұмыс атқарған Қазыбек Қошқарбекұлы «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалының директоры болып тағайындалды.