🔰ШАЛҒАЙ АУЫЛДЫҢ КӨШЕСІ АСФАЛЬТТАНДЫ
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының @erlan_qydyralyuly ауданымыздағы ең шалғай орналасқан Тоғызтарау ауылдық округінде жыл қорытындысы бойынша өткен есептік кездесуінде Жаңа өткел ауылының тұрғындары Ж.Садықов көшесі ауыл болып қалыптасқалы толықтай асфальт төсемі болмағандығын айтып, жол жабындысын төсеуге ықпал етуін сұраған болатын.
«Сөзден-іске» келер болсақ, ұззындығы 830 метрді құрайтын көшеге, «Д- квадрат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ені 4,50 метрді құрайтын жол жабындысын талапқа сай төседі.
– Бұл көшені жауын-шашын кезде көрсеңіздер. Жазда шаңы көтерелетін. Міне бүгінде бұл көріністер өткеннің еншісінде қалды. Тақтайдай тегістелген жолға ауыл болып қуанып жүрміз. Тұрғындардың өтінішін назарға алған басшыларға алғысымызды білдіреміз, — дейді ауыл тұрғыны Теміржан Күлбаев.
Жол жабындысысының талапқа сай жасалуы мен жабындының қалыңдығы ауыл әкімі Нұрәділ Төлековтың назарында болуы, заманауи асфальттың төселуіне ықпал еткенін де айтады жаңаөткелдіктер.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі