АРЫҚПЕН БАЛШЫҚ КЕШКЕН ІРІ ҚАРА ЕНДІ ӨРІСКЕ СУ ЖАҢА КӨПІРМЕН ӨТЕДІ

Аса ауылына қай кезде болмасын ат басын тірей қалсаңыз тынымсыз тірліктің тынысын аңғарасыз.

Күні кеше Аса ауылының аумағынан өтіп жатқан «Қуат» каналының үстінен көпір салынды.

Ауылдың ірі-қара малдары өтетін көпірді жобалап, бастан аяқ орналастырған Аса ауылдық округі әкімі аппараты мен «Аса Су» мекемесінің мамандары.

Айта кетейік бұл көпірдің игілігін Жамбыл, Төле би, Махашев және Мырхалықов көшесінің тұрғандары көретін болды. Себебі, көпір — мал өріске шығар-қайтар уақытта қолайлы болғалы тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.