ҚАРАСУЛЫҚТАР ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Бүгін Президент Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын тұрғындарға түсіндіру мақсатында Қарасу ауылдық округінің әкімі М.Жанұзақов Ащыбұлақ ауылдық клубында кездесу жиынын өткізді.

Жиынға арнайы «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Сәмбетов қатысып, әділетті мемлекет құрып, берекелі қоғам қалыптастыруға бағыттайтын жаңа Жолдаудың басым бағыттарының мән-маңызын түсіндірді.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын тұтас ел болып, Жолдау қойған міндеттерді бірге жүзеге асыруға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.