Бүгін аудан әкімінің тұрғындармен кезекті есеп беру кездесуі Ерназар ауылдық округінде өтті.
Кездесу барысында тұрғындар тұрғын үйге газ кіргізу, қаражат құны мен газды орналастыру тәртібі сынды мәселелерді көтерді.
Көппен көрген ұлы той демекші, ауыл тұрғыны газ кіргізуге берген қаражатымды қайтарыңдар, зейнетке екі жыл қалды көмір жағам деп дабыл қақты. Тұрғынның өтініші дереу қабылданып, құжаттары әзірленіп қаражаты кері қайтарылатын болды.
Ал жиында айтылған өзге мәселелерді газетіміздің сенбі күнгі санынан біле аласыздар.