Бүгін облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жансая Оспанова Жамбыл аудандық емхана қызметкерлерімен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттарын түсіндірді.
Шара аясында Ерлан Нұрманұлы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында еліміздегі жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты — саяси-әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру екендігін айтып, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайына көңіл бөліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту, білім мен медицина саласындағы атқарылатын басым бағыттарға тоқталып өтті.
Жамбыл ауданы