Аудан, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің есеп беруі жыл сайынғы дәстүрге айналды. Міне, сол үрдіспен аудан әкімінің кезекті есебі Тоғызтарау және Өрнек ауылдық округтерінде өтті.
Аталған жиында аудан әкімінің орынбасары, аудан прокурорының орынбасары ауылдық округ әкімдері мен мәслихат депутаты, ауыл тұрғындары қатысты.
Екі елді мекендегі қараша халық көшеге жарық шамдардың жоқтығы, жол белгілерінің қолайсыз орында орналасуы, газ кіргізу және оны орналастыру, Билікөлдегі су тапшылығы сынды мәселелерді көтерді. Аталған жайттар бойынша ауыл тұрғындарына тұщымды жауаптар қайтарылды.
Жамбыл ауданы
Ерназар-Тоғызтарау-Өрнек