БАСҚАРМАНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫС ӨТТІ
Бүгін облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залында басқарманың кеңейтілген отырысы өтті.
Басқарма басшысы Еркін Келесовтың төрағалығымен өткен мәжіліске облысқа қарасты қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен Халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшылары қатысты.
Басқосуда облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарының қорытындысы мен 2022 жылдың 4 тоқсанға қойылған міндеттері туралы басқарма басшысының орынбасарлары өз салалары бойынша баяндама жасады.
Мәжіліс отырысында Еркін Егембердіұлы басқарманың негізгі 3 бағыты бойынша атқарылған жұмыстың нәтижелерін, бекітілген индикаторларды толығымен орындау мақсатында қандай іс-шаралар атқаруымыз қажет екенін және проблемалық мәселелерді көтеріп, жұмыспен қамту бөлімдері мен орталық директорлары орындамаған көрсеткіштердің себеп-салдарын сұрады.