АРДАГЕРЛЕР – ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКТІҢ ЕРЕН ҮЛГІСІ
Бүгін АМАНАТ партиясының аудандық филиалында партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен келелі кездесу өтіп, онда қоғамдағы бүгінгі өзгерістер туралы сөз қозғалды.
Партияның атқарушы хатшысы Мадияр Сәмбетов ашып жүргізген басқосуда аудандық мәслихаттың депутаты Алтай Стамқұлов, Нүрлыкүл Амирова, партияның Саяси кеңісінің мүшесі Сансызбай Махамбетқұлов ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арналған Жолдауындағы негізгі міндеттерді, әлем елдерінде орын алып жатқан оқиғаларды кеңінен әңгімелеп, елдің егемендігі мен ауызбіршілігі қарға тамырлы қазақ халқының ең асыл қасиеті екенін салмақты сөзбен сабақтады.
Басқосуда Ауған соңысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Ерғазы Әлжанов бүгінде жасөспірімдердің әскери міндетін орындау үшін ең алдымен олардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру керектігін айтты. Оның айтуынша, мектеп қабырғасында алғашқы әскери дайындық сабағының жұмысын жетілдіру, онда қару-жарақтардың шынайы үлгілерін тәжрибе арқылы көрсету, оқ-дәрілерді қолдану ретімен таныстыру жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыратынын алға тартты. Сондай-ақ жиында ардагерлер аудандағы емдеу орталықтарында Ауған соғысы ардагерлерін кезексіз қабылдап, медициналық көмек көрсету бойынша бірқатар ұсыныс-тілектерін алға тартты.
Кездесуде сөз алған Мадяир Әбілханұлы ардагерлер тарапынан айтылған өтініштерді назарға алып, тиісті шаралар қабылдауға жұмыс жасайтынын жеткізді.
Prev Post
Next Post