БАЛАЛАРҒА АРНАЛАҒАН ЕРТЕҢГІЛІК

БАЛАЛАР БІР СЕРПІЛІП ҚАЛДЫ

Жуырда емханадағы Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығында «Алтын күз» атты тақырыпта ертеңгілік өтті.

Орталықтың мәдени ұйымдастырушысы Гүлмира Сейітжанның ұйымдастыруымен өткен ертеңгілікте орталық директоры Жанна Баубекова сөз алып, тағдырдың салған таңбасына сабырлық танытып, болашақтан үлкен үміт күткен балалар мен олардың ата-аналарына ізгі-лебізін білдіріп, ертеңгіліктің мақсатына тоқталып өтті.

Шарада орталық тәрбиеленушілері «Күз келді», «Билеші», «Жарқын күз», «Күз», әндерін қормен айтып, «Көкөніс», «Қолшатыр» биін билеп, бір серпіліп қалды. «Дәмін ажырат» ойына қатысқан балалар көздерін орамалмен түйіп, түрлі түсті көкөністер мен жеміс-жидектердің дәмін сезіп, ойынды қызықты өткізді. Сондай-ақ орталық қызметкерлері ұсынған «Жерге түскен алма» атты көрінісі тәрбиенің, адамгершіліктің қоғамдағы орнын көрсетіп, балаларды шад-шадыман етті.

Ертеңгілік соңында ата-аналар қызықты әрі әсерлі ертеңгліктің өтуіне ұйытқы болған орталық қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.