ТІЛ ФЕСТИВАЛІ ӨТКІЗІЛДІ
А.ж. 14 қазанында Облыстық тілдерді дамыту басқармасы және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Жамбыл облыстық филиалының бастамасымен Жамбыл ауданында «Тіл – тұтастық туы» атты тіл фестивалі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты;
Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;
Бәсекеге қабілетті жастарды қолдау;
Әрбір ұлттың мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өңіріміздегі түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдерінің құрметін арттыру, қазақстандық бірлікті қуаттау және отансүйгіштік сезімді арттыру.
Іс-шараға ауылдық округтерден жалпы саны 10 топ қатысып өз өнерлерін ортаға салды.
Фестиваль 2 кезең бойынша өткізілді.
Таныстыру;
Өз өнері;
Фестивальге қонақ ретінде Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тұрмахамбетова Рахия Сейтбекқызы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Мырзағали Элмира Иниятқызы қатысты.
Фестиваль қатысушылары алғысхаттар мен арнайы сыйлықтарға ие болды.