Ауылдықтардың байқауы бастау алды

АУДАНДА «АУЫЛЫМ — АЛТЫН БЕСІГІМ» БАЙҚАУЫ БАСТАУ АЛДЫ

Ауданда  «Ауылым –алтын бесігім!»  атты ауылдық округтер арасындағы өнер байқауы Жамбыл ауылдық округінде Айшабибі, Жамбыл, Қаратөбе ауылдық округтерінің өнерпаздарының қатысуымен өтті.

Мақсаты– еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін кеңінен насихаттап, ауыл өнерпаздарының шығармашылық, кәсіптік деңгейін, тыныс тіршілігін, халыққа  мәдени  қызмет  көрсетудегі  бағыт-бағдарын  анықтау;
​Ауданымыздағы түрлі ұлт өкілдерінің шығармашылық дамуына тұрақты түрде мүмкіндік туғызып отыру. Жас талант, жаңа есімдерді анықтаумен қатар басқа да өнер иелерін көптеп қамту, олардың өнерге деген ынтасын арттырып, еліміздің рухани өміріндегі  жетістіктерге айтулы үлес қосу. Өнерпаздардың орындаушылық   шеберлігіне  көңіл  аудару.
​Ауылдық клуб, кітапхана  жұмыстарын  жандандыру, халыққа мәдени қызмет  көрсетуде жаңаша жұмыс  үлгілерін қолдану, мәдениет мекемелері қызметкерлерінің бір-бірімен тәжірибе алмасуын жақсарту.
Халықты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтаудың маңыздылығымен ақпараттандырып, ұлттық  құндылықтарға  деген  сезімді  арттыру. Іс-шарада ұлттық ойындар ойнатылып, Қолөнер, сурет  көрмелері ұйымдастырылды

Leave A Reply

Your email address will not be published.