Нобель сыйлығын 115 жазушы иеленді.
Әлемдегі ең беделді халықаралық сыйлық – Нобель сыйлығы. Нобель сыйлығы 1901 жылдан бастап әдебиет, физика, химия, физиология және медицина саласындағы жаңалықтар үшін беріліп келеді. Сонымен қатар әлемдегі бейбітшілікті сақтау жолына саналы өмірін арнаған қайраткерлерге де беріледі.
Нобель сыйлығы әдебиет саласы бойынша 1901 жылдан бастап беріле бастаса, осы күнге дейін жалпы саны 115 сыйлық табысталыпты. Сыйлық осы сала бойынша 1914, 1918, 1935, 1940-1943 жылдары берілмеген. Ең алғаш 1901-ші жылғы Нобель сыйлығының иегері француз ақыны, әрі эссе жазушысы Сюлли-Прюдом болған.
Әдебиет саласы бойынша осы уақытқа дейін 17 әйел Нобель сыйлығының иегері атанған. Соның бірі 2022 жылдың жеңімпазы, 115-ші Нобель сыйлығының иегері, француз жазушысы Энни Дюшен Эрно. Жазушы адам жанын ашқан батылдығы үшін марапатталды.
1901 және 2014 жылғы сыйлық иегерлерінің орташа жасы 65 жасқа тең. Нобель сыйлығының әдебиет саласы бойынша ең жас иегері Редьярд Киплинг саналады, ол 1907 жылы 42 жасында сыйлық иегері атанды, ең үлкені Дорис Лессинг, ол сыйлыққа 88 жасында ие болды.