🇰🇿БІР КӨШЕНІҢ БАЛУАНДАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ
Бүгінде Армения астанасы, Ереван қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Самбо күресінен әлем чемпионатында Бесағаш ауылының қос палуаны тұғыр биігінен көрінді.
Тарқатып айтар болсақ, 13-16 қазан аралығында өтетін әлем чемпионатына бір көшенің, тіпті бір мектепте, бір сыныпта оқитын қос палуан Ахметқали Әділет (71 кг), пен Нұғман Бейбарыс (79 кг) бақ сынауға аттанған болатын.
Нәтижесінде Әділет ібайрақты бәсекеде көк туымызды көкке көтеріп, әнұранымызды әлемдік аренада әуелетіп, өз салмағында әлем чемпионы атанса,Бейбарыс финалға шығар жолда бір ғана қателік жіберіп 3-орын иегері атанып отыр.
Қос палуан биылғы жылы Азия чемпионатында чемпион атанып, әлем чемпионатына жолдама ұтқан болатын.