Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мадияр Сәмбетов Қ.Сартбаев орта мектебінің ұжымымен кездесіп, Президент Жолдауын түсіндірді.
Бұл іс-шара кезінде білім қызметкерлеріне Жолдаудың негізгі бағыттары, басты аспектілері түсіндірілді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында әлемдегі соңғы жаһандық сын-қатерлер ескеріле отырып, еліміздің ұлттық дамуындағы экономикалық және саяси жағдайдағы барлық аспектілер қамтылғаны атап өтілді.