Жамбылдық шаруалар қызылшаны үш түрлі әдіспен суарды

ШАРУАЛАР 3111 ТОННА ҚЫЗЫЛШАНЫ ЗАУЫТҚА ӨТКЕРДІ

 

Тәтті түбір – табыстың көзі. Биыл аудан шаруалары 730 гектарға қант қызылшасын отырғызып, бүгінде жиын-терін науқанына білек сыбана кірісті. Өткен аптаның соңында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly мен аудан әкімідігі ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Лаурат Аманов бірқатар шаруаның егістік алқабын аралап, тәтті түбірдің өнімділігіне назар аударды.

Алдымен өңір басшысы «Қызылдихан» өндірістік коперативінің 70 гектар алқабында болды. Коперативтің шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Жақсынбек Жамансариевтің айтуынша, биыл алқапты жаңбырлатып суару әдісі арқылы ылғалдандырған.

– Көп жылғы еңбек жұмыстың жүйеленуіне өз септігін тигізетінін аңғарып отырмыз. Жасыратыны жоқ, жаңбырлатып суару технологиясын енгізгелі жұмысымыз алға баса бастады. Оның үстіне су ысырапсыз пайданылмайды. Бүгінде 810 тонна тәтті дақылды жинап, қант зауытына өткерудеміз. Сондай-ақ коператив өзінің жұмысышылары мен техникаларын жауапты науқанға жұмылдыруда. Бір-екі күнде жұмыстар мәреге жетеді. Сондай-ақ келер жылдың өніміне дайындық жұмыстарын да пысықтаудамыз. Бүгінде К700 техникасы жер аудару жұмыстарын жүргізуде, – дейді Жақсынбек Еламанұлы.

Егістіктегі қызу тірлікке куә болған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы:

– Дұрыс айтасыз. Тәжрибе жылдармен келеді. Биыл өнімдеріңіз көңіл қуантарлық екен. Судан да тапшылық көрмегендеріңіз көрініп тұр. Өңір шаруалары «Меркі» қант зауытына бүгінгі көрсеткішке сәйкес, 3111 тонна тәтті түбірді өткерді. Жұмыстардың аяқ алысын көру үшін келгенбіз. Келер жылдың қарекетіне кірісіп кеткендеріңізді байқадық. Өнімнен қазірден үмітті жандар жұмысқа қазірден кіріскені дұрыс. Күздің ауа-райы да бұған мүкіндік беріп отыр, – деді өңір басшысы айналаға көз тастап.

Мұнан соң басшылар Қаракемер ауылындағы «Шарипов» шаруа қожалығының және Шоқай ауылындағы «Кавунжиди» шаруа қожалығының 100 гектарға еккен қант қызылшасын назарға алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.