Ресейдің Ейск қаласында Су-34 әскери ұшағының құлауы салдарынан 9 қабатты ғимарат өртеніп, салдарынан екі адам қаза тауып, 15 адам жаралан. Бұл туралы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Asa.Aqparar ақпараттық агенттігі.
Мәліметтер бойынша, Ейск орталық аудандық ауруханасында өрттен зардап шеккендерге 8 операциялық бөлме мен 11 реанимациялық төсек орналастырылған. Үш баланың жағдайы ауыр.
Облыстық жедел штабтың хабарлауынша, өртке оранған үйде 600 адам тұрып жатыр. Билік олардың әрқайсысының қайда екенін анықтауды тапсырған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері ғимаратқа кіріп, қазір пәтерлерді тексеріп жатыр.
Ресей президенті Владимир Путин Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысына, денсаулық сақтау министрі мен Краснодар өлкесінің губернаторына қайғылы оқиға орнына ұшып келуді тапсырды, сонымен қатар үй тұрғындарына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі Су-34 ұшағы Оңтүстік әскери округінің әскери аэродромынан оқу-жаттығу мақсатыда көтеріген кезде құлағанын мәлімдеген.
«Ұшақ Ейск қаласының ішінде апатқа ұшырады. Ұшқыштардың хабарлауынша, апатқа ұшу кезінде қозғалтқыштардың бірінің өртенуі себеп болған. Су-34 ұшағы құлаған жерде, тұрғын аудандардың бірінде ұшақтың жанар-жағар майы өртенген», – делінген әскери ведомствоның хабарламасында.
Еске салсақ, ұшақ толықтай қаруланған деп хабарланған еді. Апат болған жерде бірнеше жарылыс болды. Зардап шеккен аймақ 2 мың шаршы метрді құраған.