Астанада 25 жастағы қыз базар аумағында бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды. Ол өзіне назар аудармауы үшін хиджаб киіп, әрекет еткен. Күдікті тамыз айында Астанадағы базарлардың бірінде сатып алушының сөмкесінен 930 мың теңге ұрлап кеткен. Жәбірленушінің сөзінше, ұрлық алдында жеке қажеттіліктері үшін несие алған..
Қазір аталған дерек Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу кезінде ұсталған қыздың шетел аумағында да ұрлық жасалғаны анықталды.