Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Мешіт имамы Сәтімбек Тоғатаев марқұмның рухына құран бағыштады. Сондай-ақ ауылдағы «Алмаз» спорт кешенінде кіші футболдан турнир өтті. Облыстың түкпір түкпірінен келген 12 команда әдемі ойын өрнегін көрсетті. Қас қарая аяқталған аяқдопшылар додасында бірінші орынды «Шайдана 1989» командасы жеңіп алса, екінші орынды тараздық «Ер-Тарғын» командасына бұйырды. Жүлделі үшінші орынды «Шайдана 1994» командасы иеленіп, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Еске алу турнирінде теңбіл допты ұршықша шиіріп, көрермен көзайымы болған ойыншылар да олжасыз қалмады. Турнирде Бақытжан Досмайлов «Үздік қақпашы» (Шайдана 1989), Анушервон Муртазозада «Үздік қорғаушы» (Шайдана 1994), Қайсар Қайратов «Үздік шабуылшы» (Бірлесу-Еңбек) номинациясының иегері атанып, сыйлықтар табыс етілді.
Шара соңында Қарасу ауылдық округінің әкімі Мади Жанұзақов уақыт бөліп келген ойыншыларға алғысын білдіріп, алдағы күндері қазақтың ұлттық ойыны көкпардан Көшкінбай Жанұзақовты еске алуға арналған турнир өтетінін тілге тиек етті.