АУДАН ҰСТАЗДАРЫНЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН БАЙҚАУ

«Ғалым да, шахтер да бас иетін, ұстазым бар сенің қасиетің», – деп басталатын өлең жолдарын білмейтін жан жоқ шығар. Бұл сөздердің мағынасына үңілсеңіз ұстазға деген терең құрметті байқайсыз. Дүниедегі мамандақ атаулының төресі болып табылатын ұстаз еңбегі қашанда бағалы. Аудандағы осындай ұлы мамандық иелері арасында Айшабибі орта мектебінде аудандық «Үздік сынып» байқауы болып өтті.

Бұл сайысты аудандық білім бөлімі мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы, «Аса — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірлесе отырып ұйымдастырды.

Байқау шымылдығын аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Жандар Жамбылұлы түріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

3 кезеңнен тұратын байқауда жүзден жүйрік шығып, 1-орынды иеленген  №1 орта мектебі, 2-орынды Айшабибі орта мектебі, 3-орынды  №7 орта мектебі иеленіп, көпшіліктің қошеметіне ие болды.

Осылайша жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Еске салайық, бірінші орын алған білім ошағы алдағы 30 қазанда өтетін облыстық байқауда аудан намысын қорғайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.