16 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫ ӘН АЙТПАҒАНЫ ҮШІН ҰРЫП ӨЛТІРДІ

Иранда қауіпсіздік күштері 16 жастағы мектеп оқушысы Асра Панахиді Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеиді мадақтайтын ән айтудан бас тартқаны үшін соққыға жыққан. Бойжеткен ауруханада көз жұмды. Бұл туралы The Guardian басылымы мәлімдеген. Оқиға 13 қазанда Ардебил қаласында болған. Иран мұғалімдерінің кәсіптік бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің хабарлауынша, қауіпсіздік күштері қыздар орта мектебіне барып, оқушылардан Иран басшысын мадақтайтын ән айтуды талап етіп, бас тартқандарды соққыға жыққан.

Нәтижесінде бірнеше студент ауруханаға жеткізілді, оның ішінде Асра Панахи болға. Ал қалған қыздарды қамауға алған. 14 қазанда оқушы қыз ауруханада көз жұмды.

Өз кезегінде Ардабил билігі қыздың өз-өзіне қол жұмсағанын айтқан. Бұған қоса, Иран парламенті «Асра Панахи дәрі ішіп, қайтыс болды. Енді қайтейік» деп мәлімдеген.

Еске салсақ, Ирандағы наразылықтар 22 жастағы студент Махса Аминидің өлімінен кейін басталды.

Наразылық акцияларын өткізіп жатқан ирандық әйелдерге қолдау көрсету мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінде әйелдер шаштарын кесті.

Ал Ирандық альпинист Эльназ Рекаби Сеулде өтіп жатқан Азия чемпионатында хиджабсыз өнер көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.