Көлікке бензинді толтырып құю жанармай жүйесінде түрлі бұзылуларға әкеліп соғуы мүмкін. Бұл туралы автосалондар желісінің техникалық директоры Максим Рязанов айтты.
Ол бактың желдету жүйесінің бұзылу қаупі бар екенін түсіндірді. Бензин дренаждық түтіктер арқылы ағып кетуі мүмкін. Жүргізуші мұны байқамай қалапды, сондықтан өте қауіпті. Оның үстіне көлікте бензин толып тұрса, аккумулятор қуаты жылдам таусылады. Ескі модельдерде бензин де сыртқа ағып кетуі ықтимал. Ал заманауи көліктер мұндай проблема болса, іске қосылмай қалады.