Қыдыралыұлының Ақбұлым ауылындағы уәделері

Халық тілегінің назарға алып, олардың ұсыныс-тілектерін орындау жергілікті биліктің басты – мақсаты.
Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының@erlan_qydyralyuly қала маңындағы Ақбұлым ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, алдыңғы жиындарда көтерілген өтініш-тілектердің орындауы барысын тілге тиек етті.

Тұрғындар 4 көшеге асфальт төселсе, «Сейдалы» каналы тазаланса, ҰОС ескерткіші мен балалар ойын алаңы жарықтандырылса, кіші футбол алаңына жасанды тоған төселсе деген талабын айтқан болатын. Көшелер жөндеу көрмегегелі де бірнеше жылдар болған.
Сөзден – іске көлер болсақ,  бүгінде жоғарыдағы тірліктер толықтай тиянағын тапқан.
Бұл туралы Ақбұлым ауылдық округінің әкімі Ердос Бейсенов өзінің баяндамасында:
– Бүгінде көше бойларымен балалар велосипед, самакат теуіп, тақтай тегіс жолдармен асыр-салып ойнап жүр. Ауылдағы 4 көшені екі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Үлкен көшелердің бірі – Дербіс болыс көшесі (5,120м), Жеңістің қырықжылдығы көшесі (595 м), Желтоқсан (585м), Төрегелді (405) көшелері толықтай асфальттанды. Сондай-ақ мешіт маңына да жол жабындысы төселді. Ал балалардың уақытын тиімді пайдалану үшін шағын спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасауға жергілікті бюджеттен 3 млн 800 мың теңге қаралып, бүгінде игіліктер толықтай аяқталды. «Мади» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі спорт алаңы мен балалар ойын алаңқайына  65 жарық шамдарын мен көрермендерге арналған орындықтарды орнатып, жасанды төсенішті толықтай төсеп берді. Ал Сейдалы каналы толықтай тазаланды, — деді округ әкімі.
Жиында тұрғындар тиянақталған тірліктерге ризашылығын білдіріп, ауыл ажарын ашу бағытындағы бірқатар талаптарын жеткізді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.