Тұрғындардың бірқатар өтініші шешімін тапты

Сөзден-іске: Екі көше асфальттанып, бір көше жарықтандырылған

Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly тоқсан қорытындысы бойынша Жамбыл ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Шайқорық ауылдық клубында өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген бірқатар өтініштер орындалғанын аудан басшысы мен ауылдық округтің әкімі Бақыт Садырбаев тілге тиек етті.
Мысалға, алдыңғы кездесудерде айтылған Шайқорықтағы Танта, Теректі көшелерін толықтай асфальттау жұмыстары аяқталуда. Сондай-ақ Ә.Ташментұлы көшесі жарықтандырылды.

Жиынға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев және құқық қорғау органының басшылары қатысты.
Сондай-ақ жұртшылықтың талап-тілегі назарға алынды

Бүгінде аудан аумағында аудан әкімінің кездесуі 84 мәрте өткізілген.

Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.