Халық тілегі: Көшелер асфальттанып, жарықтандырылды
Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тоқсан қорытындысы бойынша Қаратөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Ауылдық Мәденит үйінде өткен кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген бірқатар өтініштер орындалғанын аудан басшысы мен ауылдық округтің әкімі Ғамзат Сағынбеков тілге тиек етті.
Мысалға, алдыңғы кездесудерде айтылған Бәйтерек ауылындағы Сүйінбай, Орынбасар көшесі асфальттанса, Жамбыл көшесі ағымды жөндеу жұмыстарынын өткізілді. Тоқтаров көшесін жарықтандырыру жүрзіліп, іске қосу жұмыстары қолға алынды.
Жиынға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев және құқық қорғау органының басшылары қатысты.
Сондай-ақ жұртшылықтың талап-тілегі назарға алынды.
Бүгінде аудан аумағында аудан әкімінің кездесуі 84 мәрте өткізілген.
Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі