ЕСІРТКІ ШЕГІП ЖҮКІТІЛІГІНЕ ҚАРАМАСТАН ҰРЫП СОҚТЫ

Алматы тұрғыны тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын мәлімеді. Сөзінше, күйеуі есірткі тұтынып, жүктілігіне қарамастан ұрып-соққан.

Әйелдің сөзінше, күйеуі бірнеше рет қол көтеріп, жүктілігіне қарамастан өлтіретінін айтқан.

 

«Ол ақша бопсалап, Арайлымның есепшотынан 4,5 миллион теңге шешіп алған. Бірнеше рет полиция басқармасына арыз жазғанымен, Ермек таныстары арқылы бұл мәселені шешеді екен», – делінген Asa.Aqparat сайты Egov.press Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Желідегі жазбадан кейін ер адам аудиохабарлама жолдап, әйелінің басын кесетінін айтқан.

«Бұдан кейін жазба жариялауға ұялмадың ба? Өз жазбаңды дұрыстап тыңда, 5-секундта айтқаныңды. Астанаға барып, әлгі малғұнның, кейін сенің басыңды кесіп аламын», – дейді жазбадағы ер адам.

Аталған дерек бойынша пікір білдірген полиция департаменті әйелдің арызы Бостандық аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 110-бабымен тіркелгенін хабарлады.

«Іс жүргізу шеңберінде сараптама жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сонымен қатар Алмалы аудандық ПБ-да Ж.есімді азаматшаның әкесінің арызы бойынша бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіру дерегіне сәйкес қылмыстық іс тергелуде. Шоттан 4,5 миллион теңгені шешіп алуға байланысты алаяқтық туралы полицияға арыз түспегенін атап өтеміз», – делінген хабарламада.

Ал күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі әлі шешіліп жатыр.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.