Келесов: Жауапкершілікті әрбір азамат сезінуі керек

Келесов: Жауапкершілікті әрбір азамат сезінуі керек

Жуырда облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәжіліс залында басқарманың кеңейтілген отырысы өтті. Басқарма басшысы Еркін Келесовтің төрағалығымен өткен мәжіліс отырысына облысқа қарасты қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен Халықты жұмыспен қамту орталықтарының бірінші басшылары қатысты.

Басқосуда басқарманың 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2022 жылдың 4 тоқсанға қойылған міндеттері туралы басқарма басшысының орынбасарлары өз салалары бойынша баяндама жасады.

 

24083 АЗАМАТ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН

Алғаш болып сөз алған басқарма басшысының орынбасары Кенжебек Олжабай 2022 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аяқталып, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба іске асырылуына тоқталып өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылды. Биыл Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49500 адам тарту жоспарланған болатын. Жыл басынан бері жоспар 119,2 пайызға орындалып, 59002 адам белсенді шараларға тартылды, оның 36363-і жұмысқа орналастырылып, 24083-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Ағымдағы жылдың 9 айынла электрондық еңбек биржасына 256 жоба енгізіліп, орындалу үлесі 95,5 пайызды құраған. Ал жарияланған бос жұмыс орындарының саны – 5591. Бүгінде жұмыс орындарына 2381 адам орналастырылды, оның 1779-ы ЭЕБ арқылы, 602-і халықты жұмыспен қамту орталықтарының үлесінде. Өңірлік карта аясында 2022 жылы 17870 жұмыс орындарын, оның ішінде 4959 тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарланып, жыл басынан бері 2750 адамға тұрақты жұмыс орны ашылып, бекітілген жоспар 55,5 пайызға орындалған. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқыту жұмыстары ағымдағы жылдың 25 шілдесінен басталған. Есепті кезеңге облыс бойынша онлайн оқыту курстарына 19031 адам жолданып, 14631 адам оқуларын аяқтады Сонымен қатар, Ұлттық жоба аясында кәсіпкерлікті дамытуға 2630 адамға 400 АЕК мөлшерінде 3 345,4 млн. теңге мемлекеттік қайтарымсыз гранттарды беру қарастырылды.

 

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ 1497 АЗАМАТҚА БЕРІЛГЕН

Есепті кезеңге облыс бойынша 1 497 адамға 834,1 млн.теңге қайтарымсыз гранттар берілді

Ұлттық жоба аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 1030 адам орналастырылды. Бүгінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1142 адам жолданып, 203 адам жұмыстарын аяқтады. Олардың ішінен 188 адам тұрақты жұмыс орындарына жіберіліп, көрсеткіш 92,6% жеткен.

Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 1524 түлек жолданса, есепті кезеңде 1673 түлек өтінім беріп, 351 адам жұмыстарын аяқтады. Мұның ішінде 315 адам тұрақты жұмыс орындарына орналасып, көрсеткіші 89,7%ды қамтыды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 9028 адам жолданып, жоспар толығымен орындалды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 124 адамды тарту жоспарланса, бүгінгі күнге 169 адам жолданған. Ал «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына 29 адам жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 26 адам жіберілді. Ал Байзақ, Меркі, Сарысу аудандары жоспарды орындамай отырғаны анықталды.

«Күміс жас» жобасына 249 адамды тарту жоспарланса, есепті кезеңде 242 адам жолданды. Бұл бағыт бойынша Тараз қаласы көштен қалып отыр. Жұмыс күші тапшы өңірлерге ағымдағы жылдың есепті кезеңіне 123 отбасы, 466 адам қоныс аударды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасына сәйкес «Әрбір 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орындарын ашу» индикаторы 2022 жылға 6228 жұмыс орнын ашу белгіленді. Бүгінде аймақта 8834 жаңа мекемелер ашылып, жоспар 141,8% орындалған.

Келесі болып сөз алған басқарма басшысының орынбасары Ғалижан Мейірманов мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі көрсеткіштерді хабарлады. Баяндамашының сөзіне сүйенсек, облыс бойынша 45 718 мүгедектігі бар адам тіркелген (оның ішінде 1-ші топтағылар – 4204 адам, 2-ші топтағылар — 17252, 3-ші топтағылар — 17488 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны – 6774 адам). Бұл облыс халқының жалпы санына шаққанда 3,9%-ды құрайды.

Ағымдағы жылдың бірінші қазанында әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 84,1%-ды құрап отыр. Порталда 20977 өтініш тіркеліп, 17640 өтініш қанағаттандырылды. Бұл республикадағы алдыңғы 4-ші орынның көрсеткіші. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, 2022 жылдың соңына таман стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 40%-ды құрауы тиіс. Осыған байланысты облыс бойынша 2021-2025 жылдары 1295 нысанды бейімдеу, ал 2022 жылы Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарланған.

Тараз қаласы мен аудандарда бүгінгі күнге бейімдеу жұмыстарының тізіміндегі 204 нысанға 171,7 млн теңге қаржы бөлініп, 128,9 млн теңге қаржыға 152 нысан бейімделуден өткен. Сонымен қатар 52 нысанға 42,8 млн.теңге қаржы бөлінген.

 

АӘК ҮЛЕСІ ОБЛЫС БОЙЫНША 3,9 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ

Алқа мәжілісінде атаулы әлеуметтік көмек туралы басқарма басшысының орынбасары Әсел Шаймерденова баяндап, 2022 жылдың қазан айында АӘК 8367 отбасындағы 44429 адамға беріліп, оған 2,8 млрд теңге тағайындалғанын жеткізді. АӘК алушылардың үлесі облыс халқына шыққанда 3,9% құрады. АӘК алушылар санының ең көп үлес салмағы Жуалы 7%, Т.Рысқұлов 6,1%, Сарысу 5,4%, Меркі, Талас 4,5%, Тараз қаласы 4,4%. Қаңтар-қыркүйек айларына кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 12 195 бала қамтылған. Еңбекке қабілетті АӘК алушылардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлестік жоспары 77,6% болса, орындалуы 76,1 % құрап отыр.

Отбасының цифрлы картасы аясында ағымдағы жылдың 13 қазанына Жамбыл облысы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж деп танылып отырған 44 115 отбасы бар болса, оның 100 пайыз тексерумен қамтылды. Оның ішінде 536 отбасына ғана төлемдер тиесілі екені анықталды.

Жамбыл облысы бойынша 2022-2025 жылдары аралығында барлығы 15 орталықтың ашылуы жоспарлануда. Жылдар үлесіне келсек, 2022 жылы 3, 2023 жылы 4, 2024 жылы 4, 2025 жылы 4 орталық. Осы және басқада көрсеткіштер туралы салалық орынбасарлар өз баяндамасында тілге тиек етті.

Мәжіліс отырысында Еркін Егембердіұлы басқарманың негізгі 3 бағыты бойынша атқарылған жұмыстың нәтижелерін, бекітілген индикаторларды толығымен орындау мақсатында қандай іс-шаралар атқаруымыз қажет екенін және проблемалық мәселелерді көтеріп, жұмыспен қамту бөлімдері мен орталық директорларында орындалмаған көрсеткіштердің себеп-салдары бойынша кемшілік анықталған аудандар мен орталық басшыларынан сұрады. Сондай-ақ Еркін Егембердіұлы мәжіліске қатысушыларға сауабы мол, сұрауы көп басқарма жұмысын ширатуға, қолдаулар мен көмектердің уақытылы көрсетілуіне баса мән беріп, әр азамат жауапкершіліктің жүгін сезіну керектін еске салды.

 

Басқарма баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.