Ақмола облысының Қоянды ауылында өрт шығып, екі бала өлім аузынан қалды. Екі және үш жасар қыздарды көршісі аман алып қалған. Өрт тұтанған уақытта үйде ересектердің ешқайсысы болмаған. Терезеден шығып жатқан түтінді сол маңда экскаваторда жұмыс істеген Талғат Жексембеков байқап қалған.
Ер адам көмек беруге асықты. Үйге кіру үшін есіктегі үлкен құлыпты бұзуға тура келген.
“Үй есігі жабық екен, ол жерде балалардың жылап жатқаны естілді. Еңкейіп қарасам, төсек көрініп тұр, кереуеттің өзі жанып жатыр, балалар жылап жатыр.
Қолыммен түртіп отырып, жұмсаққа нәрсеге қолым тиді, балалардың бірінің басы екен, алып шығарып алдым. Қарасам, есік ашылып тұр, аяғым жүрмей қалғандай болды. Сөйтсем көп түнін жұтып қойыппын”, – дейді Талғат Жексембеков «Еуразия» бірінші арнасына берген пікірінде.
Бірінші қызды көтеріп шыққанша, екінші бала олардың артынан жүгіріп шыққан. Беті мен аяғын күйік шалған екі бала да ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдай кезінде, белгілі болғандай, қыздардың әкесі жұмыста болған, ал анасы оған түскі ас әкелуге кеткен. Үйде газ баллондары болған.
Өрттің шығуына, алдын ала мәлімет бойынша, сіріңкемен ойын себеп болған.
Талғат Жексембековтің өзі Қараөткел ауылында тұрады.
“Жағайды көре тұра, жай ғана өтіп кете алмадым”, – дейді ол. Талғат өзі де әке, бірақ балаларының бәрі есейіп кеткен.
Кішкентай балаларын үйде жалғыз қалдырған анасына әкімшілік айыппұл салынды.