10 ЖАСАР БАЛАНЫ АЯУСЫЗ ҰРЫП-СОҚТЫ

Павлодар облысында он жасар баланы ұрып-соқты деген күдікпен ауыл тұрғынының үстінен іс қозғалды.

Өтінішті 9 қазан күні жәбірленуші баланың заңды өкілі білдірген. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде ер адам кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып, балағаттап жатқанын анықтаған. «Полиция осы бейнетүсірілім бойынша тексеру жүргізді. 8 қазан күні сағат 14.00 шамасында Тереңкөл ауданы Тілеубай ауылында 1978 жылы туған ер адам 2010 жылы туған баланы балағаттап, ұрып-соққаны анықталды. Іс бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, оның қорытындысы баланың дене жарақаттары денсаулыққа жеңіл зиян келтірілгеніне сәйкес келетінін көрсетті», — дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. 2022 жылдың 20 қазанында материал сотта қаралатын болады. Полицейлер жанжал жәбірленуші бала мен аталмыш адамның ұлы арасындағы келіспеушіліктен туғанын айтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.