ОЛЖАС СҰЛТАН ИСПАНИЯДАН ҚОЛА ӘКЕЛДІ

Күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Олжас Сұлтан қола жүлдегер атанды.

Олжас грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол ең алғашқы белдесуде әзербайжандық Нихад Маммадлиден 0:5 есебімен ұтылып қалған. Кейін Мамадли финалға жолдама алып, Олжас Сұлтан екі жұбаныш белдесуінде бақ сынады. Ол алдымен үндістандық Сумит Сумитті 8:0 есебімен ұтса, кейін украиналық Владислав Кузьконы 6:5 есебімен жеңді. Қола медаль үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы қырғыз елінің өкілі Нұрмұхамет Абдуллаевтан 8:0 есебімен басым түсті. Осылайша, өз мансабында алғаш рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл салмақта түркиялық Керем Камаль чемпион атанса, Нихад Мамадли күмісті қанағат тұтты. Қола жүлдені қазақстандық Олжас Сұлтан мен израильдік Мелкаму Фетене иеленген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.