АРДАГЕРЛЕР МЕН ЖАСТАР ЖАРЫС ЖОЛЫНДА

«Жасыңды көрсет, болашағыңды бағамдайын» деген тәмсіл аудан жастарына қаратыла айтылғандай. Шынтуайтыны керек Жандар Тоқсаба бастаған аудан жастарының әлеуеті, қарымы һәм қабілеті жоғары деуге негіз бар.

Сөзімізге дәлел болсын, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Қарттарым — асыл қазынам» атты бильярдтан өткен аудандық турнир себеп бола алады.

Ұрпақтар сабақтастығын дамыту мақсатында өткен сайысқа аудан ардагерлері мен жастар қатысты.

Тартысты әрі қызықты өткен турнир нәтижесінде Нұрхат Темірханов бас жүлдеге ие болса, I орынды Төребеков Жұмат иеленді. II орын Маршев Тілеухан, ІІІ орын Таңат Садановқа бұйырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.