ҰСТАЗДАРҒА ПАРТИЯЛЫҚ БИЛЕТТЕР ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін АМАНАТ партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мадияр Сәмбетов №1 орта мектептің ұжымымен кездесіп, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Әділетті мемлекет.Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындағы маңызды міндеттерді, білім саласына қатысты айтылған жаңашылдықтарды кеңінен әңгімеледі.
Жиында Жолдау жүгінің жеңіл емес екенін, елдің бірлігі мен татулығы ел дамуының негізі екенін аудандық мәслихат депутаты Талап Әбдібеков пен мектеп директоры Бауыржан Валиев тілге тиек етіп, мектеп мемлекеттің алғашқы ағартушы саласы екенін тілге тиек етті.
Жиында Мадияр Әбілханұлы партия мүшелеріне саяси трансформациядан өткен партияның жаңа үлгідегі билеттерін табыстады.
Басқосу соңында атқарушы хатшы қысқаша партияның рөліне тоқталып, аманаттықтардың қатарындағы мүшелігін растайтын жаңа билеттерін алумен қатысушыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.