НЕСИЕГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ҰСЫНЫС ТАЛҚЫЛАНДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың несиелік мәселелерін шешуге қатысты өз ұсынысын айтатынын жеткізді.

Мен тағы бір күрделі мәселеге тоқталғым келіп отыр. Елімізде көп адам несие алып, қарызға батып жүр. Бұл мәселе мені де қатты толғандырады. Таяу арада мен осы мәселе бойынша ұсынысымды халыққа жариялаймын», — деді мемлекет басшысы Жетісу өңірінің тұрғындарымен өткен кездесуде.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы әділетсіз шешім биліктің беделін түсіретінін атап өтіп, барлық мемлекеттік қызметкерлерді әділ болуға шақырды.

«Әділетсіз қабылданған шешім биліктің беделін түсіреді. Қоғамға іріткі салып, халықтың наразылығын тудырады. Сондықтан, ешқашан әділдіктен аттауға болмайды. Барлық мемлекеттік қызметшіден әділ болуды талап етемін. Сонда ғана біз берекелі қоғам, мықты мемлекет боламыз», — деп жалғады президент.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев президент болып сайланған алғашқы жылдары кредиттік амнистияны жүзеге асырған. 2019 жылғы 26 маусымда Тоқаев «Азаматтардың борыштық жүктемесін азайту шаралары туралы» жарлыққа қол қойды. Қазақстандықтар тұтынушылық қамтамасыз етілмеген несие бойынша қарызды толығымен немесе оның бір бөлігін есептен шығарды, атап өтерлігі екі жағдайда да сома 300 мың теңгеден аспауы шарт. Өтеуге арналған тізімге 2019 жылдың 1 маусымына дейін алынған кепілсіз несиелер енгізілген.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.