Аудандық орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Құқықтық мәдениет» жобасы аясында «Құқық әлемінде» тақырыбында кеңес беру кеші өтті.
Жастардың құқықтық білімдерін тереңдету, ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, заң алдындағы жауапкершілікті сезіндіру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу мақсатында өткен шарада Жамбыл аудандық прокуратурасының аға прокуроры Жазира Миралиева, Жамбыл аудандық полиция бөлімі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Темірхан Бейсекеев, №1 орта мектептің тәлімгері Зарина Құрманалиева құқық бұзушылықтың алдын алудың жолдарын баяндады.
Негізгі бөлімде «Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында кеш қонақтарына сұрақтар қойылып, тағылымды әңгіме өрбіді.
Кеңес беру кешіне арнайы жасақталған «Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер» атты кітап көрмесіне қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ақдана Құрымбаева библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар, «Өз құқығыңды білгенің – дұрыс өмір сүргенің» атты слайд көпшілік назарына ұсынылды.
Мақсат ЖҰМАБАЕВ