Жамбыл ауданында «Заң керуені» акциясы өтуде

ЗАҢ КЕРУЕНІ АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Бүгін Аса ауылы М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінде облыс прокуратурасының бірінші басқарма бастығы Жомарт Науатов пен аудан прокуроры Марат Естаевтың қатысуымен «Заң керуені» акциясын өтті.

Кездесуді ашқан топ жетекшісі Жомарт Кенжеқұлұлы «Акцияның мақсаты — жергілікті жерлерде жедел құқықтық көмек көрсету және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған «Халық үніне құлақ асатын» тұжырымдамасын іске асыру» — болып табылатыны атап өтті.

Кездесуде халыққа заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы айтылды.

Кездесу барысында тұрғындар құқық қорғау ведомстволарының басшыларына сұрақтар қойды, олардың сұрақтарына толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Кездесу соңында органдардың басшылығы азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді.

Жеке қабылдаудан түскен барлық өтініштер тіркеліп, толымды жауаптар берілді.

Қосымша зерделеуді және тексеруді талап ететін бірқатар сұрақтар бақылауға алынды. Кері байланыс тәртібінде қарау нәтижелері жақын арада арыз иелерінің назарына жеткізілетін болады

Жергілікті тұрғындар ашық диалог форматына өтен акцияға оң баға беріп, тұрақты негізде ведомстволар осындай кездесулерді жиі өткізуіне ниет білдірді

«Заң керуені» акциясы келесі кезекте Шайқорық ауылында өтеді

Leave A Reply

Your email address will not be published.