Жарыс тартысқа толы болды

Жуырда ау­дан әкім­ді­­гі­нің дене шы­нық­тыру және спорт бөлімі мен бұ­қа­ра­лық спорттық іс-шара­ларды өткізу орталығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей­тойына орай «Денсаулық фести­валін» өткізді. Санитар­лық талап қатаң сақталған шарада жарысқа қатысушылар асық ату, арқан тарту, үстел тенисі, кіші футболдан сынға түсті.

Күні бойына жалғасқан жарыс тартысқа толы болды. Нәтижесінде арқан тартыстан ащыбұлақтықтар I орынды жеңіп алса, II орын асалықтарға бұйырды. Ал, ІІІ орынды бесағаштықтар місе тұтты. Асық атудан бірінші және екінші орынды Абай атындағы орта мектеп қанжығасына байласа, үшінші орын Ащыбұлақ ауылының еншісінде қалды. Үстел теннисінде Ж.Ағайдаров бірінші oрыннан, Ж.Малдыбаев екінші орыннан, Р.Музбелов үшінші oрыннан көрінді. Кіші футболдан өткен бәсекеде Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі бірінші орынға, Төле би атындағы орта мектеп екінші орынға, Әкім Тарази атындағы тірек мектебі үшінші орынға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталды.

Айкерім САЯТБЕКҚЫЗЫ,
Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының әдіскері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.