50 жыл бұрын отау құрған ата-әже өз таңдауын жасады
Бүгін — елімізде тарихи күн. Қазақ халқы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысуда.
Жамбыл ауданында 35 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден жұмысын бастады.
Сайлаушылар арасында Аса ауылының тұрғыны 1946 жылы туған Қаңғелді Сүгіров өзінің серігімен бірге дауыс берді.
— Бүгін 50 жыл бұрын отау құрған серігіммен бірге №167 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық. Ел-жұрт аман болсын! Елімізде бейбітшілік болсын, — деген Қаңгелді Мырзақұлұлы батасын берді.
Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасатын болады