АУДАН ӘКІМІ ОТБАСЫМЕН ТАҢДАУ ЖАСАДЫ
Бүгін — кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауы күні.
Жамбыл ауданындағы әр ауылдық округтерде жалпы саны 35 сайлау учаскесі ьаңғы сағат 07:00 аралығында өз жұмысын бастады.
Сайлау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасатын болады.
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы да @erlan_qydyralyuly отбасымен бірге №166 сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады.
— Тарихи сәтке әр азамат атсалысқаны жөн. Бүгін отбасыммен бірге өз сайлау учаскеме келіп, дауысымызды бердік, — дейді аудан басшысы
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі