Сабри Асанов 70 жасқа толған күні дауыс берді

ЭТНОС ӨКІЛІ ТУҒАН КҮНІНДЕ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

 

Елімізде бүгін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде.

Жамбыл ауданындағы әр ауылдық округтерде жалпы саны 35 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00 аралығында өз жұмысын бастады.

Сайлау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасатын болады.

Сайлаушылар арасында Гродеково ауылындағы этнос өкілі, «Барбанг» күрді этно-мәдени орталығының төрағасы Сабри Асанов 70 жасқа толған күні өз дауысын берді.

 

— Таңдау жасау — әр азаматтың парызы. Бүгін осы бір тарихи сәтте 70 жасқа толдым. Таңдауымды жасадым, — дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.