Облыс бойынша қысқы маусымға 10 205 тонна құм мен 1 115 тонна тұз дайындалды
🔹Облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы облыстық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстаудың дайындық барысын тұрақты қадағалауында. Басқарманың тарапынан қажетті инертті материалдардың 100 пайыз дайындалуы мен істен шыққан жол техникаларының жөндеуден өтуі жіті бақылауға алған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде басқарма басшысы Бақытжан Жәнібеков айтты.
🔻Бақытжан Оразалыұлы өз сөзінде автожолдарды 2022-2023 жылдың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілгенін жеткізді. Оның сөзінше, жоспар аясында ағымдағы жылдың 25 қазанына дейін қажетті инертті материалдар қорын толық дайындау, жол техникаларының жағдайын тексеріп, қыс мерзіміне әзірлеу, сонымен қатар, өндірістік базалары мен бокстарды жұмыс деңгейіне келтіруді аяқтау және 1 қарашаға дейін қысқы мезгілге сай уақытша жол белгілерін орнату шаралары жүргізілген.
❗️Үстіміздегі жылдың 7-29 қазан аралығында автомобиль жолдарының қысқы кезеңге дайындығына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы жергілікті маңызы бар жолдарды 2022 жылғы қараша-желтоқсан айларында қысқы күтіп ұстауға 189 млн теңге бөлінген. Бұл жұмыстарға 23 мердігерлік ұйымдар тарту жоспарлануда. Бүгінгі таңда мердігерлер 186 бірлік жол техникалары мен жабдықтарды және 10 205 тонна құм мен 1 115 тонна тұзды дайындады. Атап өтерлігі, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы мезгілде күтіп-ұстауға 95,5 млн теңге қаражат қарастырылды. Ал бұл жұмыстарға 13 мердігерлік ұйымдар тартылды, — деді Б.Жәнібеков.
✅Сондай-ақ спикер облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы мерзімде күтіп ұстау жұмыстарына мердігер ұйымдар тарапынан 141 дана жол техникалары мен жабдықтарды жұмылдыру көзделгеніне тоқталып, ауа райы қолайсыз кездерде орын алған оқиғалар жөнінде дер кезінде хабарлауды аудан әкімдерінің осы салаға жауапты орынбасарларына жүктелуі қажеттігін баса айтты.