Армрестлингтен Азия кубогын жеңіп алды

2022 жылдың 21-26 қараша күндері аралығында Өзбекстан мемлекеті Ташкент қаласында армрестлингтен ерлер және әйелдер арасында өткен Азия кубогына қатысқан жерлесіміз Баймұрат Нұрбибі 50 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Бұл туралы №12 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Самат Өмірәлиев:

— Жерлесіміз Азия кубогоның иегері атанды. Жаттықтырушысы Санатұлы Саламаттың бұл жеңіске қосқан үлесі орасан. Нұрбибі қарындасымыз көк байрағымызды әлемдік аренада желбіретіп, ауданымыздың атын асқақтатты, — дейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.