Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Ауылдықтардың өтінішін назарға алған өңір басшысы талап-тілектер назарға алынғанын, жыл ішінде қолға алынатынын жеткізген.Сөзден-іске көшер болсақ, бүгінде жоғарыдағы тірліктер толықтай тиянағын тапқан.Бұл туралы Ақбұлым ауылдық округінің әкімі Ердос Бейсенов:
– Ауыл азаматтары дән риза. Бүгінде көше бойларымен балалар велосипед, самакат теуіп, тақтай тегіс жолдармен асыр-салып ойнап жүр. Ауылдағы 4 көшені екі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Үлкен көшелердің бірі — Дербіс болыс көшесі (5,120м), Жеңістің қырықжылдығы көшесі (595 м), Желтоқсан (585м), Төрегелді (405) көшелері толықтай асфальттанды. Сондай-ақ мешіт маңынада жол жабындысы төселді. Ал балалардың уақытын тиімді пайдалану үшін саябағымызға және кіші футбол алаңына жасанды төсеніш төселді. Ал көптен бері тазаланбаған Сейдалы каналы толықтай тазаланды. Бастысы — тұрғындар жасалған игіліктерді сезініп отыр. Ауыл азаматтары бірлесіп ұсынған жобаларымызды қолдап, бюджеттік өтінімнен қаржы қарауға қолдау білдірген аудан басшысына ризашылығынбілдіруде. Бастысы Мемлекет басшысының Жарлығы негізінде ауылымызда көптеген тиянақты тілектер жасалуда. Халықтың талап-тілегі ескеріліп, ауыл ажарына жыл сайын өзгеріп келеді. Бүгінде ауыл балалары тақтайдай тегстелген жолдың үстінен велосипед теуіп, асыр салып ойнап жүр. Бұл өз кезегінде жергілікті билікке деген ауылдықтардың сенімін жоғарылата бермек — дейді Ердос Елібекұлы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында.