Бірлесуеңбектіктердің өз қорғаны бар

Халық үніне құлақ асатын мемлекет – шын мәнісінде әділетті мемлекет құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап қою жеткізіліксіз, ең бастысы дұрыс және әділ шешім шығару қажет. Президенттің айтуынша, қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Оны жиі түзету мен өзгеріс енгізу құқықты қолдануға кері ықпал етеді. Сондай-ақ Президент Қ.Тоқаев өзінің биылғы халыққа Жолдауында: «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің мейлінше тұтас реформасын жасау қажеттігі пісіп-жетілді. Осыған орай учаскелік инспектордың рөліне баса мән берілетін болады. Учаскелік инспектордың мәртебесін заңнама арқылы арттырып, оның өнімді жұмыс істеуіне мол мүмкіндік берген жөн. Ол азаматтар алдында танымал, қолжетімді әрі беделді болуға, солардың құқықтарын қорғауға тиіс», деп атап өткен еді.Учаскелік инспектордың беделін арттыру үшін оларға жоғары билік, атап айтқанда Ішкі істер министрлігі тарапынан қолдау жасалуы керек-ақ. Әйтпесе, құқық қорғаудың тек қара жұмысымен ғана айналысатын жандар көзге іліне қоймайды. Пре­зидент Жолдауындағы талаптан кейін министрлік тарапынан осы іске мән беріле бастады. Соның бірі ретінде министрдің өзі қатысқан жиындарға олардың шақырылуынан көруге болады.Бүгінде Жамбыл ауданында әр ауылдық округтің әкімі, мектеп директоры, учаскелік полиция инспекторы өзі жетекшілік ететін яғни басқаратын елді мекенде тұрақтау қажеттігі жөнінде тапсырамасына сәйкес, тірек пункті Бірлесу-Еңбек ауылында да қолданыса берілді. Құрылыс жұмыстарын «Тараз-Ісмер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Ашылу салтанатында сөз алған ҚР ішкі істер министірлігінің Құрметті ардагері Тұрдалы Шералин:

 – Бүгінде полиция болмысы қазақ ұлттық полициясына айналып, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауда қалтқысыз қызмет атқаруда. Полиция – таңдаулы мамандық. Бұл сала үлкен жауапкершілік пен тәуекелділікті қажет етді. Сондықтан, құқық қорғау қызметкерлерінің қызметі жүйелі болуы үшін оның әлеуметтік қорғалуы да басты назарда болып отыр. Бүгін біз маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. Өздеріңіз тұратын ауылдағы учаскелік полиция инспекторы жаңа баспанаға, жаңа қызмет бөлмесіне қоныс аударып жатыр. Ел тыныштығын сақтауда күндіз-түні қырағы күзетте тұрған полиция қызметкеріне мұндай игіліктің жасалуы баршамызға ортақ жетістік, үлкен қуаныш деп білемін, – деген ол ауыл ақсақалдарымен бірге жаңа нысанның лентасын қиды. Басшылар тірек пунктінің ішкі бөлмелері мен жабдықтарын көріп, оң бағасын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.