Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр.Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек» деп, жол жөндеу жұмыстарына басымдық беру керектігін тапсырған болатын. Бүгінде Жамбыл ауданында Жолдау жүктеген міндеттер жүзеге асыру, орындалуын бақылауға алу жұмыстары жүйелі жолға қойылып, сәтімен жүзеге асырылуда. Мысал келтіретін болсақ, ағымдағы жылдың наурыз айының 10 жұлдызында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаевтың өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есептік кездесуі Жалпақтөбе ауылдық Мәдениет үйінде өткен болатын. Жиында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдулхалил Маюфи, ауыл азаматтары Рахымберді Саламатов, Әуесхан Әшірбаев, Әкімжан Жакыпов көше жарықтандыру, тротуар төсеу, көше асфальттау және баска да сауалдарды аудан басшының назарына жеткізген болатын.Тұрғындар пікірін мұқият тыңдаған Ерлан Қыдыралыұлы алдағы ұсыныс-пікірлер бойынша зерделеу жүргізіп, шешімін табу жолына күш салатынын жеткізген. Сөзден — іске келер болсақ, жергілікті жұртшылықтың тілегі бойынша Жалпақтөбе ауылындағы ұзындығы 2300 метрді құрайтын үш көшеге жол жабындысы төселіп, тұрғындардың өтініші орындалды. Құрылыс жұмыстарын «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талаптарға сай жасаған.
— Жолдың қадірін тек сол жолмен жүріп өткен адам ғана біледі. Көшелер Кеғес Одағынан бері жөнделмей, ескірген еді. Жүйіткіген көліктің де қозғалтқыш бөліктерін зақымдап бітті. Ауылда өткен кездесуде өңірдің басшысына Масанчи, Щивазы, Цхай көшелері асфальттанса деген сауалымызды жолдағанбыз. Бүгінде басшының берген уәдесі орындалып отыр. Көшелер асфальттануда. Ауылдағы ағайынның қуанышында шек жоқ. Бұл көшелердің жаздағы және қыс айындағы жайын көрсеңіздер. Аяқ алып жүру мүмкін емес еді. Міне, бүгінде қарашаның тілегі қабыл болды. Жол салу сауапты іс, — дейді ауыл қариясы Әкімжан Жақыпов жергілікті БАҚ берген сұхбатында.