Баршаңызға белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялады.Жалпы Жолдауда көрініс тапқан ауқымды реформаларды ауылдықтарды жан-жақты ақпараттандыру, маңызды құжаттағы басымдықтар мен бағыт-бағдарды ел арасында кеңінен түсіндіру мақсатында бүгін облыстық және аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы Бесағаш ауылында келелі жиын өткізді.
Жиынға «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев, аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркітәлиев, ауыл әкімі Алға Абдумуталиев қатысты.
– Елімізді келешекке кемел қадам басуын қамтамасыз ету үшін Президент батыл да маңызды бастамалар көтерді.Жолдау еліміздің саяси өмірін жандандырып, экономикалық-әлеуметтік дамуына тың серпін беретін үлкен жаңалықтарға толы болды. Ең бастысы халықтың әлеметтік жағдайы әрдайым мемлекеттің басты назарында қала бермек. Маңызды құжатта айтылған жайттардың түпкі мақсаты – жұрттың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын арттыру. Саяси, экономикалық реформалардың, игі бастамалардың бәрі осыған бағытталған.Президент жолдауы әділетті Қазақстан құру жолында жасалған тағы бір ірі қадам болды деп есептеймін.Экономиканы дамыту, бизнеске тең жағдай жасау үшін ашықтық пен әділдік қажет. Президент осы бағытта біраз ұсыныстарын ортаға салып, жаңа заңдар әзірлеуді тапсырды. Бұл бағытта Мәжіліс белсене жұмыс атқаратын болады. Елді елең еткізген жаңалықтардың бірі алдағы саяси науқандар мен электоралдық кезеңдер кестесінің жариялануы, Мемлекет басшысының президенттік мандатты 7 жылдық 1 мерзімге қысқарту жөніндегі ұсынысы. Оны көпшілік қолдауда, – деді Қасымхан Естемесұлы өз сөзінде.
Ауыл азаматтары Мемлекет басшысының Жолдауын қалың жұртшылық ерекше ықыласпен қабылдап жатқанын аңғартты.
Жиында Жолдау жүктеген міндеттер туралы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркітәлиев те өз ойын білдірді..Кездесуде ауыл азаматтары да өз ұсыныс-тілектерін алға тартып, пікірлерін ортаға салды. Жалпы Жолдау жүктеген міндеттер тек бұқаралық ақпарат құралдарында үзбей жарияланғаннан гөрі, оның түпкі мақсаты осындай ашық жиындарда айтылғаны құлаққа жылы, түйсікке тоқығанға жеңіл болатыны сөзсіз. Алда Жолдауды кеңінен насихаттау жұыстары Жамбыл ауданына қарасты барлық елді мекендерде жалғасатын болады.