Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керектігін жеткізшені белгілі. «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында. Сондай-ақ Президент өз сөзінде 2020 жылы волонтерлер жылы болатынын еске салды.
«Маңызды міндеттердің бірі – жастар мен студенттерді ерікті жұмысқа тарту, оларға белсенді өмірлік позицияларды сіңіру. Бұл – азаматтық қоғамдық бекемдеуде жұмысымыздың маңызды бөлігі», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, оларды спортқа баулу мақсатында мемлекетіміз кешенді жобаларды қолға алуда. Ауданымызда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде десек, сөзімізге Айшабибі, Қаракемер, Өрнек, Гродекова және Сұлутөр ауылдарында салынып жатқан заманауи үлгідегі спорт кешендері дәлел бола алады.
Жобалық құны 323 млн 690 мың теңгені құрайтын әмбебап спорт кешені Сұлутөр ауылында бой көтеруде. Құрылыс жұмыстарын «Ай-Дин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылуда. Жоба 2023 жылға өтпелі. Ауылдағы игілік туралы Қарой ауылдық округінің әкімі Әсет Үрпеков:
– Бүгінде ауыл балаларына еңселі спорт кешені салынуда. Ағымдағы жылға 203 млн теңге қаралып отыр. Спорт кешенің табантасы әзірленіп, темір қанқалары орнатылуда. Жастардың көптен бері айтылған өтініші орындалып келеді. Құрылыс жұмыстары әркез бақылауымызда. Ауыл жастары бос уақытын қайда өткізерін білмей әбігерге түскенін жақсы білеміз. Елді мекенде тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру үшін бірқатар игіліктер жүзегге асырылып келеді. Көптен бері жол жабындысын көрмеген көшелеріміз асфальттанып, ауылдық аты өзгеріп, жылдан жылға ауыл көркіде жаңарып келеді. Бұл мемлекеттің ауыл жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді жоспарлардың жемісі. Әлі ауылда тиянағын табатын жұмыстар жетерлік. Ауыл тұрғындары да елді мекендегі оң өзгерістерді көріп, лайықты бағасын беріп жатыр. Бұл өз кезегінде тізгін алған біздей азаматтарға қажыр-қайрат, сенімділік білдіретіні сөзсіз, – дейді ол жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында.